Әсем Орынбай стенд атудан іріктеудің алғашқы айналымына қатысты

Париж Олимпиадасында стенд атудан (скит) әйелдер арасындағы іріктеу айналымы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған спорт түрінен Қазақстан сапынан Әсем Орынбай қатысып жатыр. Отандасымыз іріктеу сынында бақ сынады.

Мүмкін болған 75 ұпайдан 67 ұпай жиған Әсем аралық нәтижеде 23-орынға тұрақтады.

4 тамыз күні іріктеудің екінші айналымы өтіп, финалға шыққан спортшылар анықталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Olympic.kz.
Өзгелердің жаңалығы