Әсем Орынбай – Азия ойындарының қола жүлдегері

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Стенд атудың скит бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді. 

Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.

Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).

Айта кетейік, осыған дейін Әсем командалық сайыста Азия ойындарының чемпионы атанған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Тұрар Қазанғапов
Өзгелердің жаңалығы