25 Ақпан 2019, 16:49
19 жыл бұрын жоғалған қазақ қызы Тәжікстаннан табылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2000 жылы тәжік жігітімен қол ұстасып кеткен қазақ қызын ата-анасы 19 жылдан кейін іздеген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров апта сайынғы брифинг барысында мәлімдеді.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2000 жылы тәжік жігітімен қол ұстасып кеткен қазақ қызын ата-анасы 19 жылдан кейін іздеген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров апта сайынғы брифинг барысында мәлімдеді.
«Осыдан бір-екі ай бұрын Тәжікстанда 19 жыл бұрын жоғалған Әсел есімді қыздың ата-анасы депутатқа өтініш білдірген. Депутат Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бейбіт Атамқұловқа сұрау жіберген. Душанбедегі елшілік қызметкерлері бірден іздеу салды», - деді Смадияров.
Қызды консулдық қызметкерлері 1 айдан астам уақыт бойы іздеген.
«Консулдық қызметкерлері қызды табудан күдерін үзген. Дипломаттың қолында қазақстандық қыздың тек кішкентай кезіндегі фотосы мен аты ғана болған. Бір күні консул полициядан шығып келе жатса, жол бойынан Әселге ұқсайтын бір қызды көріп қалып, тоқтайды. Сұрастырса, шынымен сол қазақстандық Әсел болып шығады. Кейін оны елшілікке әкеліп, құжаттарын реттеп береді. Осы жұма күні Әсел Душанбе-Алматы-Атырау бағыты бойынша туған қаласына келді», - деді ресми өкіл.
Туыстарының айтуы бойынша, Әсел 1984 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол 2000 жылы 7 сәуірде Саратов-Душанбе бағытындағы пойызға мініп, тәжік жігітімен кетіп қалған.
Рахиля Бекназарқызы
- Еуропада жалған «бомба» дауы күшейді: Енді телеарналарға да қоқан-лоқы жасалды 10:16
- Қар, көктайғақ, қатты жел: Павлодар облысында жүргізушілерге ескерту жасалды 09:48
- Қазақстанда фармацевтика саласына 862 млн доллар инвестиция салынады 09:13
- Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде қаржы бөлді 08:59
- Семейде жүріп келе жатқан жолаушылар автобусы өртенді 08:54
- Жалған ЖСН мен куәлік: Алматыда курьерлерге құжат дайындаған адам әшкереленді 08:50
- Биржада алтын бағасы арзандады 08:47