Әсел Әбен: Сайлау – ішкі және сыртқы сын-қатерлерге берілген жауап
Бұл пікірді Алматы қаласындағы Президент жанындағы ҚСЗИ Өкілдік басшысы Әсел Әбен айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мерзімінен бұрын өткізілетін президенттік сайлау бір айдан кейін 20 қарашада өтеді. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұл кезектен тыс сайлаудың алдыңғылардан айырмашылығы сайлауға деген көзқарасты түбегейлі өзгертетін маңызды элементтерді қамтиды. Біріншіден, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы 1 қыркүйекте хабарланса, Жарлыққа бір айдан кейін қол қойылды. Яғни қоғамдық талқылау мен дайындық жұмыстарына уақыт берілді, – деді Әсел Әбен.
Оның айтуынша, Президент алдағы парламенттік сайлау туралы кемінде алты ай бұрын жариялады.
Бұл саяси күштерге өздерінің саяси бағдарламаларын әзірлеу және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін дайындалуға уақыт бөлінді. Алдағы сайлау – бетпе-бет келіп тұрған ішкі және сыртқы сын-қатерлерге берілген жауап. Бізге басталған саяси және экономикалық реформаларды аяқтау керек. Сондықтан саяси институттардың жаңаруы әлеуметтік-экономикалық саланы нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды сәт, өйткені әр түрлі себептерге байланысты алдағы кезеңдер экономикалық даму тұрғысынан қиын болуы мүмкін. Бізге экономикалық және әлеуметтік қиындықтарды еңсере алатын мықты саяси жүйе қажет, – дейді сарапшы.