Асанұлы: Әрбір төртінші қылмыскер – пара беруші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы «Желмая» жобасында айтты.
Соңғы жылдардағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына талдау жүргіздік. Қазіргі кезде пара беру қылмыстарының көрсеткіші өте жоғары. Әрбір төртінші қылмыскер – пара беруші. Параны талап етіп отырған тарап емес, беріп отырған азамат көп болып отыр. Сондықтан азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру керек.Превенция қызметінің ішінде қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыпастыру басқармасы жұмыс істейді, - деді Асанұлы.
Ол атағандай, жалақаның төмен болуы – жемқорлыққа барудың бір себебі.
Дегенмен соңғы жылдары мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы айтарлықтай өсті. Мемлекеттік қызмет істер агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі осы жұмысты қолға алған болаты. Оның аясыда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы екі есеге өсті. Сондықтан олардың жалақысы бірқалыпты, мемлекет оған көңіл бөлмейді деп айту дәйексіз болады. Мемлекеттік қызметкер адал болып, тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекет жағдай жасау керек, - деді Асанұлы.