Асанова: Қазақстанның басымдығы – адам құқықтарын қорғау

Парламент Сенатының депутаты Жанна Асанова «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау: келешек және сын-қатерлер» конференциясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда бірлескен шешімдерді әзірлеудің өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды.

Конференция әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпал ететін білім, тәжірибе және шешімдер алмасуға арналған маңызды алаң болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап Конституцияда адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау және азаптау мен зорлық-зомбылықтан қорғау кепілдігін бекіткен болатын. Біз халықаралық бастамаларға белсенді қатысып келеміз және құқықтарды қорғау мен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі жаһандық күш-жігерге қолдау білдіремі, - деп атап өтті сенатор Жанна Асанова. Ол климаттық өзгерістер мен көші-қон үдерістері сияқты жаһандық қауіп-қатер жағдайында адам құқықтарын қорғаудың маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында кемсітуге қарсы іс-қимыл, азаптау мен қатыгездіктің алдын алу, жабық мекемелердегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарындағы медициналық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қылмыстық сот төрелігіне, қатыгездікке, сондай-ақ әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етуге және балаларды қорғауға қатысты адам құқықтары саласындағы қабылданған заңдар азаматтардың, әсіресе халықтың осал топтарының құқықтық қорғалуын күшейтеді. Сонымен қатар, ғылым мен білім адам құқықтарын қорғауда, пәрменді құқықтық және әлеуметтік тетіктерді құруға ықпал етуде шешуші мәнге ие екенін атап өту қажет, - деп атап өтті депутат.

Конференция барысында ғылым мен білімнің тиімді құқықтық және әлеуметтік құрылымдарды қалыптастырудағы рөліне баса назар аударылды. Сондай-ақ жан-жақты зерттеулер мен сындарлы диалог қазіргі заманның сын-тегеурініне жауап беретін шешімдерді әзірлеуге көмектесетіні атап өтілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: сенат
Өзгелердің жаңалығы