Асанова: Ерні мен таңдайында дерті бар балаларды жан-жақты қолдау шараларын енгізуі керек

Мемлекет ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар балаларды жан-жақты қолдау шараларын енгізуі керек. Жанна Асанова өзінің депутаттық сауалында осы дертті емдеу және оңалтуда балалар тап болатын проблемалар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатордың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар 1000-ға жуық бала туады. Бұл балаларға перинаталдық диагностика және алғашқы хирургиялық көмек бағдарламалары бар, олар дүниеге келгеннен кейін бірден қажетті көмек көрсетіледі. Алайда, стандартты мемлекеттік қызметте одан әрі пластикалық операция мен түзету бағдарламалары қарастырылмаған. Қалыптан тыс және хирургиялық қарадүрсін әрекеттің салдарынан балалар бет әлпетінің тым өзгеруі, тіс қатарының ақауы мен сөйлеу қабілетінің бұзылуы байқалады. Бұл өзін-өзі төмен бағалауға, қарым-қатынастың қиындауына, сергелдеңге салыну мен сүлесоқ болуға әкеледі, олардың психологиялық дамуы мен оқу үлгеріміне теріс әсер етеді.

Патологияны түзетуге болады, толықтай емдеуге және әлеуметтік ортаға тартуға барлық мүмкіндік бар. Оны толық емдеуге және әлеуметпен араласуға барлық мүмкіндік бар. Бұл жерде кешенді, үйлестірілген пластикалық, ортодонтиялық және логопедиялық көмек есейген кезде керек. Бірақ жоғарыда аталған көмектің барлық көлемі мемлекеттік бағдарламаларда көзделмеген, қымбат қызметтер санатына жатады. Мысалы, сүйек-шеміршек немесе ринопластика 1 млн теңгеден және одан жоғары, ортодонтия брекеті 300 мың теңгеден, логопедтің қызметі сағатына 5000 теңгеден басталады. Қаржылық мүмкіндігі шектеулі отбасыларды немесе жетім балаларды айтпағанда, әрбір орташа отбасы мұндай шығынды көтере алмайды, - деді Жанна Асанова.

Сенатор ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы бар балалар мен жастарға эстетикалық пластикалық хирургия және одан кейінгі оңалту бағдарламаларын енгізуді, қаржыландырылатын күрделі ортодонтиялық жақ түзету бағдарламаларын әзірлеу мен білікті және тегін логопедиялық қолдау бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Мұндай аурумен ауыратын балалар мен олардың отбасыларын психологиялық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге арналған оқу бағдарламасына уақытылы кәсіби қолдау көрсетуге арналған патология туралы материалдарды енгізу маңызды болып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы