Асанғазы: Жаңа әліпби түркі халықтарының өзара ынтымақтастығына оң ықпал етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Латыннегізді қазақ әліпбиі түркі халықтарының өзара ынтымақтастығы мен интеграциясына да оң ықпал етеді. Бұл туралы қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы айтты.

Латын әліпбиіне көшкен түркі тілдерінің ішінде түрік, әзербайжан, ғағауыз тілдерінің әліпбилері мейлінше сәтті саналады. Аталған әліпбилер халықаралық стандарттарға негізделген. Бұл әліпбилердің барлық таңбасы Халықаралық фонетикалық әліпбиге және UNICODE жүйесіне толық сәйкес келеді, - деді ол.

Асанғазының айтуынша, қазақ тілінің жетілдірілген латыннегізді әліпби нұсқасы да осындай принциптерге сай дайындалған. 

Түрік, әзербайжан, ғағауыз әліпбилерінде осы тілдердің ерекше таңбалары диакритикалар арқылы берілген. Мысалы, осы әліпбилерде умлаут, бревис, седиль диакритикалары қолданылған. Мұндай диакритикалар қазақ әліпбиінде де қолданылды. Сонымен бірге 1991 жылы Халықаралық ғылыми симпозиумда түркі тілдері үшін «Ортақ түркі әліпбиі» қабылданып ұсынылған. Жетілдірілген әліпби нұсқасы осы әліпбиге де сәйкес келеді. Сондықтан латыннегізді қазақ әліпбиі түркі халықтарының өзара ынтымақтастығы мен интеграциясына да оң ықпал етеді, - деді тіл жанашыры.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы