25 Қыркүйек 2023 2023, 09:56 Фото: gov.kz

Асан Жүсіпов Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.