Аса қауіпті инфекциялар: биологиялық қауіпті аурулардан қалай сақтану керек?
Жыл сайын дүние жүзінде оба, тырысқақ және геморрагиялық қызба сияқты аса қауіпті инфекциялардың мыңдаған жағдайлары тіркеледі. Дәлелденген санитариялық-эпидемиялық, санитариялық-профилактикалық шаралар мен диагностикалық әдістердің арқасында Қазақстанда оба немесе тырысқақ ауруы тіркелген жоқ. Геморрагиялық қызбаның жағдайлары да өте сирек тіркеледі. Дегенмен, жағдайды мұқият бақылап, кез келген қиындықтарға дайын болу маңызды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығындағы бактериялық және вирустық аса қауіпті инфекциялар зертханасы аталған ауруларды зерттеу және бақылау жұмыстарымен белсенді айналысады. Зертхана меңгерушісі Сәния Сәрсенғалиева аса қауіпті инфекциялар туралы нені білу маңызды екенін сұхбат барысында айтып берді.
Сәния Жақсылыққызы, аса қауіпті инфекциялар дегеніміз не және оларды бақылауда ұстау неліктен маңызды?
Аса қауіпті жұқпалы инфекциялар – олар жиі өлім-жітім жағдайларына әкелетін, тез таралатын және мүгедектікке әкеп соқтыратын өте қауіпті ауруларды тудыратын инфекциялар. Оларға оба, тырысқақ, геморрагиялық қызба (сары безгегі, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, Q-безгегі және т.б.), күйдіргі, туляремия және бруцеллез сияқты аурулар жатады.
Шет елдерден келетін тропикалық инфекцияларды да атап өткен жөн. Бұл да қауіпті аурулардың қатарына жатады, өйткені олар көбінесе кенеттен пайда болады және жедел диагноз қоюды қажет етеді.
Сіздердің зертханада қауіпті инфекциялармен жұмыс қалай жасалады?
Біздің зертхана аса қауіпті инфекцияларды зерттеумен, диагностикалаумен және мониторинг жасаумен айналысады. Қоздырғыштарды анықтау негізінде эпидемиологиялық жағдайды, тиісті алдын алу шараларын және эпидемияға қарсы шараларды бақылаймыз. Мұндай инфекциялармен жұмыс істеу биоқауіпсіздікті, заманауи технологияларды және кәсіби көзқарасты қатаң сақтауды талап етеді.
Кейбір инфекциялардың белгілері басқа ауруларға ұқсас болғандықтан, диагноздың дәлдігіне ерекше назар аударамыз. Ауруларды антықтауда тек арнайы зерттеу әдістері ғана дұрыс нәтиже бере алады.
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың қандай негізгі сипаттамаларын білуіміз керек?
Бұл аурулардың бірқатар ортақ белгілері бар:
• Инфекцияның шығу тегі: патогенді бактериялар, вирустар немесе олардың споралары.
• Өлім-жітімге әкелуі: уақытылы медициналық көмексіз олар ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
• Жұғуы: бұл ауру адамдармен немесе жануарлармен байланыс, жәндіктердің шағуы, ластанған су, тамақ немесе ауа-тамшылары арқылы жұғуы мүмкін.
• Емделу ауырлығы: Аурулар ауыр интоксикациямен, өмірлік маңызды органдардың жұмысының бұзылуымен және басқа да ауыр белгілермен бірге жүреді.
• Қатаң биоқауіпсіздік қажеттілігі: Олардың көпшілігі арнайы зертханалық диагностикалық әдістерді қажет етеді.
Осы инфекциялардың алдын алу үшін қандай кеңес бере аласыз?
Инфекцияның алдын алу үшін қарапайым, бірақ тиімді шараларды сақтау маңызды:
- Тек қауіпсіз су мен сусындарды (қайнаған су, ауыз су және зауыттық қаптамадағы сусындар) тұтыну;
- Жемістер мен көкөністерді таза сумен мұқият жуыңыз, қайнаған сумен күйдірмеңіз;
- Рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз, суды жұтпаңыз;
- Азық-түлік өнімдерін шыбындардан қорғау, тамақты ашық қалдырмау;
- Тамақ өнімдерін ластанудан қорғауға ерекше назар аударыңыз.
Қандай белгілерді баса назарда ұстау керек?
Аса қауіпті инфекцияларды білдіретін белгілерге мыналар жатады:
- Дене температурасының 40 ° C және одан жоғары көтерілуі;
- Қалтырау, қатты бас ауруы, беттің қызаруы;
- Жүрек айну, құсу, іштің ауыруы;
- Бөртпе, қан кету, ішкі органдардан қан кету;
- Лимфа түйіндерінің ісінуі;
Бұндай белгілерді асқындырмау үшін дереу медициналық көмек пен диагнозды қажет етеді. Уақытылы диагноз қою және емделу асқынуға жол бермейді.
Денсаулық – біздің ең қымбат байлығымыз екенін еске салғым келеді. Қарапайым профилактикалық шаралар өмірді сақтап қалуы мүмкін, егер күдікті белгілер пайда болса, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз. Біздің зертхана әрқашан көмектесуге дайын. Біз халықтың денсаулығын сенімді қорғауды қамтамасыз ете отырып, аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау және алдын алу үшін жұмыс жасаймыз.
Сұхбатыңызға рахмет!