Аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен аталған елден аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Тергеу барысында аталған тұлғаның 2023 жылғы қараша-желтоқсан айлары аралығында Алматы қаласында коммерциялық жылжымайтын мүлік объектісін сату сылтауымен алдау жолымен жәбірленушіден бір жарым миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі ақша қаражатын иеленіп алғаны анықталды, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
Өткен жылғы желтоқсан айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
- ЕО-ның бес елі мигранттарды Руандаға депортациялауға келісті 05:43
- Шымкентте дарынды балаларға арналған лицейдің жатақханасынан өрт шықты 03:46
- Биткоин 60 мың долларға дейін құлдырауы мүмкін: криптонарықта алаңдаушылық күшейді 02:50
- Астанада мас күйінде электромопед жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды 01:45
- Елімізде техногендік қалдықтарды игеру құқығы аукционға шығарылады 00:25
- Қойма мен жүк көліктері өртенді 16.11.2026
- Қазақстанда фермерлік кәсіпорындар саны 21 мыңға жетті 16.11.2026