15 Қараша 2024 2024, 08:55 Фото: polisia.kz

Аса ірі көлемде ақша ұрлаған алматылық есепші грек аралында ұсталды

Грекия аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың доллар мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.

Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.