Асқар Мырзахметов: Өз еркіммен отставкаға кетуге өтініш жаздым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының активінің алдында сөз алған Асқар Мырзахметов өңірді дамыту жолында бірігіп жұмыс жасаған барлық әріптестеріне алғыс айтып, басталған жұмыстар жалғасын таба беретініне сенім білдірді.
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Жасұлан Әбдіхалық фейсбук-парақшасында жариялады.Өкінішке орай Қордай ауданында қайғылы жағдай орын алды, 10 азамат қаза болып, 170-тен астам адам жарақаттанды. Бұл тек жамбылдықтарға ғана емес, барша қазақстандыққа оңай тимеді. Осы тұрғыда мен облыс әкімі ретінде жұмысты жалғастыру моральдік тұрғыда ауыр деп есептедім. Сондықтан президентке өз еркіммен отставкаға кету туралы өтініш жаздым. Шешімімді қабылдаған Мемлекет басшысына рахмет, – деді А.Мырзахметов.Жамбыл облысының қазіргі әкімі БердібекСапарбаев өзіне сенім артқан Елбасы мен Мемлекет басшысына алғысын білдірді, Асқар Исабекұлының іскерлігіне тоқталып, өңірде қолға алынған іргелі істер мен жарқын жобалар жалғаса беретінін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы қаласына арналған әдеби байқау жарияланды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы