Асқар Мамин Өзбекстан президентімен кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 қарашада Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстанның Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Ташкентте Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі өтеді.
ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде — ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері. Қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық кәсіпкер түйе жүнінен шұлық пен көрпе шығарады
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы