27 Наурыз 2019 2019, 20:07
Асқар Мамин «Росатом» бас директорымен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында атом саласындағы ынтымақтастықтың көптеген мәселелері қаралды. Қазақстан – Ресей кәсіпорындарындағы уран өндіру және байыту жобаларын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.