Асқар Мамин Премьер-министр болып тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысуда. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланды.
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген.
Білімі: 1987 жылы Целиноград инженер құрылысы институтын,
2003 жылы Г.Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша бітірген.
1987-1988 жылдары - «Целинтияжқұрылыс» трестінің ассистенті;
1988-1991 жылдары - Целиноград облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасында жұмыс істеді;
1991-1993 жылдары - Қазақстанның инновациялық кәсіпорындар одағының бас директорының орынбасары;
1993-1996 жылдары - «Интер-Ишим» БК-нің бас директоры;
1996-2000 жылдары - Ақмола қаласы әкімінің бірінші орынбасары (Астана қаласы);
1998-2000 жылдары - Ақмола ЕЭА Әкімшілік кеңесінің төраға орынбасары;
2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі;
2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы;
2002-2003 жылдары - «Инком-Астана» ЖШС бас директоры;
2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда бірінші вице-министрі;
2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;
2006-2008 жылдары - Астана қаласының әкімі;
2008 жылдың сәуір айынан бастап 2016 жылдың қыркүйек айына дейін - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті;
2016 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.
2019 жылғы 21 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің міндетін атқарушы.
2019 жылғы 25 ақпанынан бастап Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.