Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев оқшауланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан оқшаулауға кетті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұрын тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті. Бірақ, жұмыс белсенді жалғасып жатқандықтан, кейін коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланысуы мүмкін еді. Сондықтан министр уақытша өзін-өзі оқшаулану туралы шешім қабылдады, - деді министрліктен.
Бұған дейін Қазақстанның бірнеше министрі, атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров,  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өзін-өзі оқшаулағанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы