Қарыздық еңбекті реттеу мәселесі жөніндегі заң жобасына толықтырулар енгізіледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің бүгінгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарыздық еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралды.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, депутат Бейбіт Мамраев жиын барысында бұл заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастаманы Парламент депутаттары көтергенін айтып өтті. 

Заң жобасы қарыздық еңбек саласын құқықтық реттеудің болмауына байланысты проблемалық мәселелерді шешу мақсатында әзірленді. Және ҚР Конституциясының 24-бабының кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыспен қамтудың осы нысаны бойынша негізгі ұғымдарды заңнамалық бекіту, еңбекақы төлеу форматын нақтылау, қарызды жұмыскерлердің еңбектерін қорғау және еңбек қауіпсіздігі құқығын қамтамасыз ету көзделеді, - деді ол.
Сонымен қатар, ол өзгерістер мен толықтырулар екі кодекс пен екі заңға еңгізілетінін айтты. 
Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және 2021 жылғы 24 ақпанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы