Арыстың 150 баласы жазғы демалыстарын Жетісуда өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының 150 мектеп оқушысы жазғы демалысының бір айын Жетісудың ең көрікті жерлерінде орналасқан лагерлерде өткізеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
«Арыстық балаларды шілденің 10 жұлдызынан бастап қабылдаймыз. Балалар Еңбекшіқазақ ауданы мен Қапшағай қаласында орналасқан «Тау Жанашар» және «Күншуақ» лагерлерінде тынығып, қуаттанатын болады. Бұл іске бюджеттен 30 млн теңге бөлінді. Балдырғандардың демалысын қамтамасыз ету барысында арнайы бағдарлама құрастырылып, балаларды моралді-психологиялық қалпына келтіру мәселесі де қамтылады. Сонымен бірге, жетісу жерінің таңғажайып жерлері де олардың бойына қуат дарытып, демалысы ұмытылмастай әсер қалдыратынына кәміл сенімдіміз» - дейді облыс әкімі Амандық Баталов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістан облысында орман ағаштарына санақ жүргізілуде
Өзгелердің жаңалығы