Арыстықтар қандай диагноздармен ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Арыстағы оқиға салдарынан медициналық көмек қажет еткен науқастардың диагноздарын айтып берді.
«82 науқас ауруханаға түсті. Олардың көпшілігі емделіп ауруханалардан шығарылды. Тек 19 науқас қалды. Түскен науқастардың ең көбі жарылысқа байланысты түрлі жарақат алған. Соның ішінде ми жарақаттары. Күрделі жан сақтау бөлімінде жатқан науқастардың диагноздары – ауыр ми жарақаты. Түтінмен уланған, отқа күйген науқастар да бар. Басқа улану мәселелері, радиация әсер еткен науқастар тіркелген жоқ. Қазіргі кезде екі науқас ми жарақатына байланысты ем алып жатыр», - деді Біртанов.Министр жұқпалы аурулар тіркелмегенін айтты.
«Басқа өңірлерден 17 санитарлық дәрігер жіберілді. Барлық үйлерге санитарлық өңдеу жүргізілді. Жұқпалы аурулар анықталған жоқ. Жағдай бақылауда», - деп айтты ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы