Арыстық оқушылар «Елбасы медалін» иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек «El Umiti» бастамасымен «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған оқушыларды қабылдады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, аталған жобаның мақсаты - әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау.
Өңірдің білімпаз жастары тұңғыш рет өткен ауқымды жобада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, нәтижесінде 7 оқушы жүлделі қола медаль иегері атанды.
Салтанатты шарада қала басшысы аймақтың даңқын асқақтатып жүрген оқушылар мен ұстаздарға алғысын білдіріп, ақ тілегін арнады.
Ауқымды жастар жобасына республикамыздың барлық өңірінен 14 пен 29 жас аралығындағы 11 мың жас қатысты. Оның ішінде Түркістан облысынан қатысқан 80 үміткердің арасынан жетеуіңіз жүлделі орынға ие болдыңыздар. Республика көлемінде өткізілген жобаға белсене атсалысқан оқушыларға және қаламыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосқан ұстаздарға ерекше алғысымды бiлдiремін, - деді қала әкімі.
Жиын соңында қала әкімі жүлделі орын иеленген оқушыларды марапаттап, оқушыларға сыйлықтар табыстады.