Арысқа оралу. Қорға 721 миллион теңге жиналған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде жан-жақтан «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 721 млн теңге жиналған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 

«Арыстықтарға көмек ретінде «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есепшот ашылып, бүгінгі таңда 721 млн теңге жинақталды. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан Арыс қаласының тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсету жөнінде штаб құрылды. Қайырымдылық акциясы аясында халыққа қажетті жалпы көлемі 150 тонна зат, гигеналық, балалар заттары азық-түлік өнімдері жиналды», - деп айтты Шөкеев.

Облыс әкімі тауарлар Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, БҚО, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан жеткізілгенін айтты. Қалған пунктілерде қажетті заттар жергілікті әкімдік пен арнайы қызмет, халық тарапынан қамтамасыз етіліп жатыр. 

«Аталған әрбір эвакуациялық пунтіде жергілікті атқарушы орган, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, еріктілер және көмектесуге келген қарапайым азаматтар жұмыс істеп жатыр», - деді өңір басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы