Арысты қалпына келтіруге үкімет резервінен қаржы бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді, инженерлік желілерді, әлеуметтік инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге үкімет резервінен арнайы қаржы бөлінеді. Бұл туралы Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
«Арыс қаласындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау мақсатында мемлекет басшысы мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды бөлу туралы қаулы етті. Барлық қажетті шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда келтірілген залал көлемін бағалау үшін қажетті есептер әзірленді. Барлық қалпына келтіретін жұмыстарды үкіметтің бақылауында жеделдетілген режимде атқаратын боламыз», - деді Смайылов.Ведомство басшысы Қаржы министрлігі мен комитеттері Арыс тұрғындарына көмек мақсатында бір күндік жалақыларын аударғанын атап өтті.
«Қала тұрғындарына көмек көрсетуге жұмылған ел азаматтарына алғыс айтқым келеді. Nur Otan партиясының бастамасымен «Арыс – біз біргеміз» акциясын қолдап Қаржы министрлігі мен оның комитетттері бір күндік жалақыларын аударды. Бұл қаржы Арыс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталады», - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
#АрысБізБіргеміз. Қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы