Арыстық баланың радиациядан қайтыс болғаны туралы ақпарат – жалған
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арыстық бала радиациядан қайтыс болды деген ақпарат әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Осы орайда Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, түсініктеме беруін сұраған едік.
«Арыстық баланың радиациядан қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған. Рас, қайтыс болған бала Арыс қаласының тұрғыны. Алайда, жедел жәрдемге шақырту Түркістан қаласынан түскен. Жедел жәрдем 4 минутта жеткен. «Мгновенная смерть» деп айтады ғой, бала бірден сол жерде әкесінің қолында қайтыс болған. Барған жедел жәрдем тобы өлімді тіркеп, құқық қорғау қызметіне хабарласқан. Баланың денесін сараптамаға алып кеткен. Баланың не себепті қайтыс болғаны белгісіз, әлі сараптама нәтижесі шығарылған жоқ, оның үстіне ол бізге емес ішкі істер департаментіне қарайды. Яғни, бала Түркістан қаласында қайтыс болған. Бізде оның қанша уақыттан бері Түркістанда жүргені туралы ақпарат жоқ», - деді Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова.