Арыстың балалары батыс пен шығысқа демалысқа аттанды

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының 200 баласы Батыс Қазақстан және  Шығыс Қазақстан облыстарындағы демалыс орнына аттанды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Атап айтқанда, Арыс қаласының 50 баласы Батыс Қазақстан облысындағы демалыс орнына, тағы 150 оқушы табиғаты таңғажайып Шығыс Қазақстан облысына жіберілді. Оқушыларды ата-аналары мен ұстаздары Арыстағы теміржол вокзалынан шығарып салды.


Бұған дейін арыстық оқушылар Павлодар (129), Ақмола (145), Жамбыл (200), Алматы облыстары (150) мен Нұр-Сұлтан (200) қаласына демалысқа жолданған болатын.

Жалпы осы жазғы демалыста Арыстың 4 мыңнан астам оқушысын өзге өңірлерге демалысқа жіберу көзделген. Қазіргі таңда 1 мыңнан астам оқушы демалысқа жіберілді. Сонымен қатар, Түркістан облысының аудандары 462 баланы жазғы сауықтырумен қамтуда.


Айта кетейік, оқушыларды арнайы бекітілген ұстаздар алып жүреді және жас өрендердің алаңсыз тынығуына қолайлы жағдай жасалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы