Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімі өзгеріссіз қалды

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақоваға жазасын өтеуіне байланысты босату туралы шешім қабылдады. Ал үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды.

Судья Шынар Ерғалиева Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы Ғалия Ысқақоваға (Мұхамедиұлы әйелі – ред.) қатысты үкімін өзгерткенін айтты.

Ғалия Ысқақованың ҚР ҚК368-бабының 1-бөлігі (парақорлыққа делдалдық) бойынша әрекеттері ҚР ҚК 368-бабының 3-бабының 24-бабына (қылмыс жасауға оқталу) қайта өзгертілсін. Ғалия Ысқақова мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған болып есептелсін. Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалады. Сотталғандар мен олардың адвокаттарының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын, - деді судья.

Еске сала кетейік, сот үкімімен Мұхамедиұлы кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.Сонымен бірге адвокаты Төлеев 6,8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы