Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу соты басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада бұрынғы Мәдениет министрі, ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды.

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің «Сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жария етуге жол бермеу» бабы бойынша БАҚ өкілдері қатыса алмайды.

Айта кетейік, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сот санкциясымен биыл 28 мамырда екі айға қамалды. Оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы