Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елорданың ауданаралық тергеу сотында күдіктіге тағайындалған бұлтартпау шарасын ұзарту бойынша сот отырысы өтті. 

Оған сәйкес, ҚР Ұлттық мұражайдың бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды.

Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады, – деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 29 мамырда Ұлттық мұражай директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік тағылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы