Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды. Бұл туралы экс-министрдің бұрынғы баспасөз хатшысы Айдар Қырыбай хабарлады.
Арыстанбек Мұхамедиұлына анасы Күлімхан апаның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамын! Асыл ананың топырағы торқа, иманы жолдас болсын! Арыстанбек аға, Алланың әміріне шара бар ма, болаттай берік болыңыз!, - деп жазды Айдар Қырықбай.
Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері. Бірнеше мәрте Елбасы Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. 2006 жылы ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс істеді. 2008-2014 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған. 2014 жылдан 2019 жылдың маусым айына дейін мәдениет және спорт министрі болды.
Төлендиева Күлімхан Жүндібайқызы биыл 81 жасқа толар еді. Ол Алматы облысында дүниеге келген. "Күміс алқа" және III дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің иегері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қара жұма" деп, ақыры қаралы жұма қылдық – Алтынай Жорабаева
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы