Арыстағы жөндеу жұмыстары бір айда аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында премьер-министр орынбасары Жеңіс Қасымбек Арыстағы жұмыстар бір айда аяқталатынын айтты.
"Қазір Арыста 250-ден астам құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр. Техника бәрі жеткілікті. Керек қаражат толығымен бөлінді. Үкіметтің резервінен бөлінді. Облыстар өздері тапты. Түркістан облысы және үлкен компаниялар, бизнес бәрі көмектесіп жатыр. Қазір Арыста 10 мыңнан астам құрылысшы жұмыс істеуде. Жұмыстың сапасы жақсы. Белгіленген мерзімде - бір айдың ішінде жұмыстар толығымен аяқталады. Біріншіден, ол тұрғын үйлер. Тек қана тұрғын үй емес, бизнес объектілері, әлеуметтік нысандар - ауруханалар, мектептер, балабақшалар, жолдар, инфрақұрылым бар. Бұның бәрі толығымен бір айдың ішінде аяқталады", - деді Жеңіс Қасымбек.
Бұған дейін вице-премьер Қасымбек LRT құрылысы келесі жылы аяқталатынын айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта тұрғызылуда
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы