Арыстағы гуманитарлық көмек қоймалары онлайн режимде жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға бүкіл қазақстандық қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда қоймаға 510 тонна тұрмыстық заттар, азық-түлік, киім-кешек өзге де заттар жиналса, соның 400-ден астамы гуманитарлық көмек ретінде халыққа таратылды.
"Бұдан бөлек «Түркістан» әлеуметтік даму корпоротивтік қорына Арыс халқына арнап 1 млрд 200 мыңнан астам қаржы жиналды.
Сондай-ақ, Арыс қаласындағы гуманитарлық көмек қоймаларына онлайн веб-камералар орнатылды. Қоймадан тікелей көрсетілімді www.barlau.kz/company/tx/ сайтынан көре аласыздар", - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы