Арыстағы 271 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 6 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 271 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазір 1,6 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерінде 150 құрылыс компаниялары жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша 33 үй қайта салынады. Арысты қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлері мен Республикалық маңызы бар қалалар қатысады. Құрылыс алаңдарында барлығы 3000-нан астам құрылысшы еңбек етеді. 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс ауданындағы үйлердің 85%-ы жөндеуді қажет етеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.
ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда қоғамдық көліктер жаңартылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы