Арыста қызды алып қашу сәті видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында қызды алып қашу сәті видеоға түсіп қалған.

Видео Instagram-дағы v.shymkente парақшасында жарияланған. Видеодан үш ер жігіт қызды күштеп көлікке отырғазып жатқанын көруге болады. Ер адам қызға араша түспек болғанда, жігіттердің бірі оны жұлқып жерге жығып салады. 

Түркістан облысы полиция департаментінде хабарлағандай, оқиға Арыс қаласында 23 желтоқсанда болған. Жігіт үйленбек болып, қызды алып қашқан екен. 

Бүгін Арыс қаласы полиция бөліміне алып қашып кеткен қыздың анасы келіп арыз жазды. Оның арызы ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы ("Адам ұрлау") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Сондай-ақ, қыз жігітке тұрмысқа шығудан бас тартып, үйге қайтып келгені айтылады. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @v.shymkente

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы