Арыстағы жарылыс. Шөкеев халықтан көмек сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықты дүрліктермей, керісінше көмектесулерін сұрады. Бұл туралы Түркістан Облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында аймақ басшысының бейнемәлімдемесін жариялады.
«Құрметті тұрғындар мен дәл қазір Арыс қаласындағы штабтан сөйлеп тұрмын. Бүгінде Youtube, әлеуметтік желілерде зардап шеккендердің түрлі бейне жазбаларынды көріп жатырмыз. Барлықтарыңыздан сұрайтыным, егер түсіріп жатсаңыздар бұл оқиғаның қайда болып жатқанын атап көрсетсеңіздер. Облыста, Ордабасы және Отырар аудандарында екі үлкен госпиталь жасақталды. Барлық жедел жәрдем топтары осында шоғырланған. Сіздер көрсеткен мекен жай бойынша шығып, көмек көрсететін боламыз. Әскерилердің айтуынша аса үлкен қауіп жоқ», - деді Өмірзақ Шөкеев бейне жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыстағы жарылыс. Қорғаныс министрі оқиға орнына ұшып кетті
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы