Арыстағы жарылыс. Қала тұрғындарының көпшілігі қауіпсіз аймаққа шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстан қаласынан тікелей эфир арқылы қосылған брифинг барысында хабарлады.

«Құрметті БАҚ өкілдері жедел брифинг өткізіп отырмыз, оған себеп Арыс қаласына жақын маңда орналасқан әскери қару жарақ қоймаларында орын алған жарылыс болып отыр. Арыс қаласының 45 мың тұрғыны бар. Жарылыстың масштабын көргеннен кейін бүкіл қаланы эвакуациялау туралы шешім қабылдадық. Ол үшін барлық күштерді жұмылдырдық. Арнайы эвакуациялау бекеттері ашылды», - деді сөз басында аймақ басшысы.

Сонымен қатар, ол қала тұрғындарының көшіру барысымен бөлісті.

«Бүгінде тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіріп жатырмыз. Көшелерді сағат сайын аралап, қалып кеткен адамдар болса шығарудамыз. Қала тұрғындарың көпшілігі қауіпсіз аймаққа шығарылды деуге болады. 2 адамда ауыр жарақаталды, жалпы 29 адам ауруханада. Бір адамның көлігіне снаряд келіп түскен, ол оқиға орнында қайтыс болды» , - деді Шөкеев, - деді Өмірзақ Шөкеев. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 09:20 өртке қарсы қызметтің пультіне қоймада жарылыс болды деген хабар келіп түсті. Ол Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы өртке ұласқан.
Бүгінде Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылып, Шымкентте 15 эвакуациялау бекет ашылды.
Әлеуметтік желілерде куәгерлердің түрлі бейнежазбасы көбейіп кетті. Осы ретте, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықты дүрліктірмей, керісінше көмектесулерін сұрады. Сонымен қатар, аймақ басшысы «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Тіпті, Арыс станция арқылы өтетін пойыздар тоқтатылды.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы