Арыста тұрғындарды эвакуациялап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға орнына 40 автобус жөнелтілді, деп хабарлады BNews.KZ шұғыл штабқа сілтеме жасап.

«Қазір тұрғындарды эвакуациялап жатыр. 40 автобус оқиға орнына жөнелтілген. Жергілікті жерде штаб құрылып, жұмыс істеуде. Барлық қызметтер жұмылдырылған. Шымкентте эвакуациялық пункттер ашылды. Арыстан Шымкентке дейін шамамен 90 шақырым», - деп жауап берді штабтың шұғыл желі операторы.

 Түркістан облысының ТЖД баспасөз-қызметінің бас маманы Дәрмен Ажмұхановтың хабарлауынша екі шұғыл желі ашылған.

Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімшеде жарылыс болып, арты өртке ұласты. Оқиға орнында Түркістан облысы ТЖД жеке құрамның 30 адамы мен 8 өртке қарсы техника жұмылдырылған.

Арыс ақаласындағы нөмірі 44859 әскери бөлімдегі жағдайға қатысты шұғыл телефондар желісі ашылды: 8(7232)55-38-19. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы