Арыста оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жою жұмыстары жүргізілуде – әкімдік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстағы әскери бөлімде оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жою жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«№44859 әскери бөлімінде оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жоятын жоспарлы жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз. Бұл жұмыстар Арыс қаласының халқы үшін қауіп төндірмейді», - делінген таратылған ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйекте төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрі фрагменті өздігінен жарылды. Салдарынан келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарақат алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда әкімі 400-ден астам адамды жеке қабылдады
Өзгелердің жаңалығы