Арыста 7 мыңнан аса үй қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 2 қыркүйекке дейін негізгі қалпына келтіру жұмыстары 7338 жеке тұрғын үй мен көпқабатты тұрғын үйлерде аяқталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әскери полигондағы жарылыстардан барлығы 7634 үй зардап шекті. Рекордтық мерзімде 188 үй қайта салынды, оның 142-де әрлеу жұмыстары жалғасуда.

"Бүгінде қалада 4 мыңнан астам жұмысшы еңбек етуде, олар косметикалық жөндеу жүргізіп, апатты деп танылған және бұзылуға жататын 278 тұрғын үй қорының нысанын тұрғызады", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, жөндеу жұмыстары Арыстың 9 секторында аяқталды, 8 секторда жаңа үйлердің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, қалада 59 әлеуметтік нысан, оның ішінде 50 білім беру нысаны тапсырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында тұрғын үй қорын қалпына келтіру 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы