Арыста 2161 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Бүгінгі таңда 17 секторда қолға алынған құрылыстың көбі кетіп азы қалған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Бүгінгі таңда 17 секторда қолға алынған құрылыстың көбі кетіп азы қалған. Мәселен, Жамбыл облысы 3 сектордағы 312 үйді берілген мерзімде 100 пайыз жөндеп бітеміз деп отыр. Қазіргі таңда онда 438 адам жұмылдырылған. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді. Жалпы әрбір сектордағы жұмыстарды жүргізу үшін облыс, қалалардан 7576, облыс аудандарынан 315 жұмысшы тартылған.

«Арыс қаласында жаңадан 107 жеке тұрғын үй мен 1 көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 7252 жеке тұрғын үй мен 98 көпқабатты үйге ақау актілері жасалған. Ал 4669 жеке үй мен 88 көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары басталған болатын. Қаланы құрылыс қалдықтарынан тазарту мақсатында 117 техника жұмылдырылған, шығарылған қоқыс көлемі 30551 тоннаны құрайды», - деді Арыс қаласаның әкімі Мұрат Қадырбек.

Айта кету керек Арыс қаласында 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына тапсырылған. Оның 54-і білім нысандары, 8-і денсаулық сақтау, 4-уі спорт нысандары. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 66 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тиісті құрылыс жұмыстарына 1097 құрылысшы маман тартылған. Бүгінгі таңда Арыста 2161 баспананың жөндеу жұмыстары біткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы