Ғарыш туралы виртуалды көрме ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экспозицияға космонавтиканың қалыптасуы мен жұлдызаралық ғарышқа алғашқы ұшулар туралы архив материалдары кірді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жанындағы мемлекеттік архив екі бірдей виртуалды көрме дайындады. Мемлекеттік архивтің экспонаттары мен суреттерін үйден шықпай-ақ, ұйымның сайтынан көруге болады.
"Адам және ғарыш" виртуалды көрмесінде космонавтиканың қалыптасуы, ғарышқа алғашқы ұшулар туралы архив материалдары, 1960 жылғы фотосуреттері бар газет қиындылары көрсетілген. Бұдан бөлек, мекеме Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай виртуалды көрме дайындауда, - делінген ақпаратта.  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы