#АрысБізБіргеміз. Әншілер чат ашып 16 млн теңге жинаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыстан зардап шекендерге қолдау көрсетуге мақсатында еліміздің өнер жұлдыздары 16 млн теңге жинаған. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай айтты.
Бүгін елордадан Арыс қаласына «Арыс, біз біргеміз!» гуманитарлық көмек мақсатындағы «Қамқорлық» атты көмек жөнелтілді. Министрліктің баспасөз xатшысының айтуынша, әншілер өз қалталарынан 16 млн теңге жинап, Арысқа көмектесуге арналған шотқа аударған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова әншілер бұл ақшаны Whatsapp желісіндегі чат арқылы жинағанын айтты."Әншілер чат ашқанда қатты қуандым. Оны ұйымдастырып жүрген негізінен үш адам. Олар - "Жігіттер" тобының продюссері Ерғали Әбдірайымов, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова және Сәкен Майғазиев. Бір түннің ішінде 150-ге жуық әнші қосылды. Біраз ақша жиналды, біреу 50 мың, екіншісі 100 мың берді. Үлкен аптал азаматтар 1 миллионнан қосты", - дейді Майра Ілиясова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
#АрысБізБіргеміз. Министрлік «Қамқорлық» керуенін жөнелтті
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы