Арыс тұрғыны үйін балғамен бұзып тастаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының тұрғыны бір түнде Төле би көшесі, 183 мекенжайында орналасқан өзі тұрып жатқан үйін балтамен бұзып тастаған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасына жазды.

«Арыс түрғыны бір түн ішінде өзі тұрып жатқан үйді бұзып тастаған. Бірінші видеоны құрылысшылар түсірген. Ол кезде үйдің иесі үйді жөндеп береміз деген ұсыныспен келіспеген. Ол жарылыстан келген зардапты асыра сілтеп көрсетіп, үйді сүріп тастауын талап еткен. Әрине жарылыстан бұзылған көршінің саман үйін кірпіштен салып жатса, қызғаныштың қызыл иті хабар беретіні анық. Бірақ өз үйін сол үшін бұзу, ақылға қонымсыз. Екінші видео екінші күні түсірілген. Үй мүлдем басқаша көрінеді», - деп жазды ол.


      


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы