Арыс тұрғындары 100 мың теңгеден өтемақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап арыстықтар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арыс қаласында 58 мың тұрғыны бар. Бүгін олардың әрбірі өздеріне тиесілі 100 000 теңгені Халық банкінің банкоматы арқылы алды.
Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Қорға жиналған 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын. Одан бөлек, 1 млрд теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлініп отыр.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы