Арыс станциясының өткізу қабілеті 20% артты

ҚТЖ Арыс станциясын дамытудың бірінші кезеңін аяқтады, бұл станцияның өткізу қабілетін тәулігіне 41-ден 57 жұп пойызға дейін, яғни 20% арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Магистральдық желі дирекциясының күшімен станцияның жұп сұрыптау жүйесінің екі паркі қайта жаңартылды. Арыс станциясының осы маңызды құрамдас бөліктері 1992 жылы консервацияланған болатын. Бұрын оларды қалпына келтірудің үш сәтсіз әрекеті жасалды.

ҚТЖ басшылығының тапсырмасы бойынша өткен жылдың желтоқсан айында станцияны ауқымды жаңғырту басталды. Төрт ай ішінде арнайы жол техникасы көмегімен жалпы ұзындығы 13,5 км 12 жол жөнделді, 10 мың текше метр қиыршық тас балласты төселіп, 16 бағыттамалы бұрма жаңасына ауыстырылды.

Жобаны іске асыру шеңберінде 54,5 км кабель төселіп, белгі беру, орталықтандыру және бұғаттау аппаратурасы (жалпы көлемі 433 атау), 6 вагон баяулатқышы, компрессорлық станцияны электрмен жабдықтау үшін трансформатор орнатылды.

Арыс, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жол шаруашылығы, белгі беру және байланыс дистанцияларының 180 астам қызметкерінің күш-жігері арқасында жұмыстар қысқа мерзімде аяқталды.

2024 жылғы 30 сәуірде қалпына келтірілген жұп дөңес арқылы Түркістан станциясы тарапынан алғашқы пойыз таратылды.

Дөңесті реконструкциялау станцияның өңдеу қабілетін тәулігіне 3306-дан 5250 вагонға дейін (55%) арттырады, сондай-ақ Сарыағаш ШАТП бойынша шекаралық бақылауды жеделдету үшін біртекті пойыздар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жабдықтаушы персоналдың, инженерлік-техникалық және өндірістік қызметкерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тапсырма мерзімінде орындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы