Арыс мектептері толықтай қайта жөндеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының 16 орта мектебін 100%-ға қалпына келтірілді. Бүгін қаланың барлық мектептерінде жоспар бойынша 1 қыркүйек күні өтті. 10 000-нан астам оқушы күрделі жөндеуден кейін жаңартылған мектептерде оқу жылын бастап кетті.

Жөндеу жұмыстарымен қатар, Қордың бастамасымен мектептерде ағаш терезелер пластиктен жасалған терезелерге, ескі футбол алаңы жаңасына ауыстырылды. Сондай-ақ, қалпына келтірілген барлық мектептер жаңа мектеп жиһазымен жабдықталды. Сонымен қатар, қосымша жаңа мектеп мүкәммалы сатып алынды.

"Біз әлеуметтік инфрақұрылымның 68 нысанын қалпына келтірдік, бірақ жаңа оқу жылын ескере отырып, мектептерге ерекше назар аударылды. Бүгін бұл тек оқушылар мен олардың ата – аналары үшін ғана емес, сонымен қатар біз үшін - құрылысшылар үшін де мереке", - деді "Samruk Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Айта өткен жөн, 1 шілдеде "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ " АҚ 16 мектеп, 36 балабақша, 8 Денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысанасын, колледж, Теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы және орталық алаңды жөндеу жұмыстарын бастаған болатын.

Бүгінгі таңда Арыс қаласында қор қалпына келтіретін 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63 нысаны пайдалануға берілді. Қайта  қалпына келтірілген қалған 5 нысан қыркүйек және қазан айларында тапсырылады. Олардың қатарында жедел медициналық көмек және стоматология бөлімшелері, вокзал, балалар жасөспірімдер спорт мектебі мен балабақша бар.

Арыс қаласын қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына Қор 7 млрд теңге бөлді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы