19 Тамыз 2026, 21:50
Фото: depositphotos.com
Арыс гарнизонында әскери бөлім аумағында өрт шықты
Өрт кезінде алдын ала жоюға дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпуінен дыбыс естілген.
Бүгін, 19 тамызда сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанған. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлім етті.
Өрт кезінде алдын ала жоюға дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпуінен дыбыс естілген.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен нысандардың қирауы тіркелген жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстап отыр, - делінген хабарламада.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі азаматтарды әлеуметтік желілерде таралып жатқан расталмаған ақпараттарға сенбеуге және оқиғаға қатысты мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуға шақырады.