Арыстағы оқиғадан екі адам қаза тапты – Асқар Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында ең алдымен Арыстағы төтенше жағдай туралы баяндады. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше оқиға орнында болып, осы төтенше жағдай бойынша нақты шараларды берді. Барлық тиісті шаралар ұйымдастыруда. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге түгел көшірілді. өкінішке орай екі адам – азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге толықтай медициналық көмек көрсетілуде», - деп айтты ҚР Премьер-министрі.

24 маусым күні  Арыс қаласындағы әскери бөлімде ірі жарылыс болып, салдарынан 45 мың тұрғын қаланы тастап шығуға мәжбүр болған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы