Арыс қаласының халқы 2020 жылы көгілдір отынға қол жеткізбек

Астана, BAQ.KZ. Қазір аталған қалаға газ тарту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін шаһарға магистральді құбыр тартылып, келесі жылы көшелерге газ құбырлары жүргізіледі. Бұл туралы tvk-uko.kz сайты хабарлайды.

Теміржолшылар кентінде буған дейін көгілдір отын болмаған екен. Арыс қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмысы үш кезеңді қамтиды. Биыл жоспарланған жұмыстың алғашқы кезеңі яғни магистральді құбырды тарту аяқталып, осы салаға бөлінген 2,6 миллиард теңге жаңа жылға дейін игерілмек. Келесі жылы қала ішіндегі әр көшеге құбыр жүргізіледі. Оған қазынадан 929 миллион теңге қаралыпты.

«Қаламызда «Мәңгілік ел» мен «Құрметті азаматтар алеясы» биыл салынды. Сонымен бірге бірнеше көпқабатты үйге жаңғырту жұмыстары жасалынып жатыр», - дейді Арыс қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомабил жолдары бөлімінің басшысы Жомарт Тұрсынбеков

Келесі жылы арыс қаласындағы тағы 5 елді-мекеннің тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді деген жауаптылар, айналасы бірнеше жылдың ішінде бүкіл қалаға қарасты елді-мекендерді 95 пайыз тіршілік нәрімен қамтимыз деп жоспар жасап отыр.

«Келесі жылы Аққала, Көкжидек алді мекендерінің ауыз суы тарту жұмыстары басталады. Ақдала мен Саналы елді мекенінің жарықтандыру жұмыстары басталады», - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы