Арыс қаласының аумағын жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының аумағында төтенше жағдайды және оның салдарын жою орнында ҚР ІІМ жеке құрамынан 1488 адам және 189 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Фейзбуктегі парақшасында хабарлады.

«Қорғаныс министрлігінің 408 адамнан тұратын 43 саперлік құрылымдық бөлімшесі жарылмаған оқ-дәрілерден Арыс қаласының аумағын, теміржол стансаларын және жолдарын, әскери бөлім аумағын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Арнайы техникамен экакуациялауға белгіленген және даярланған 5700-ден астам әскери снаряд бірлігі табылды»,-делінген хабарламада.


Эвакуациялау пунктеріне 13 187 адам орналастырылған, соның ішінде Шымкент қаласында - 7249, Түркістан облысы аудандарында– 5938 адам жайғастырылған. 

Жедел штабтарда жедел желілер жұмыс істеп тұр, барлығы 15 мың 927 адам қоңырау шалған. 

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 277 адам медициналық көмекке жүгінген, оның 74-і ауруханаға жатқызылды, 3 адам қаза тапты.

«Жалпы алғанда инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесінің барлық көшелері, темір жолдың 11 шақырым төсемі тазартылды. Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, жекеменшік үйлер мен көпқабатты үйлерді жинап, тазалау бойынша жұмыс жүргізілді»,-делінген таратылған ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы