Арыс қаласында 1360 үй қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 шілдедегі жағдай бойынша, Арыс қаласында 1360 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жұмыстар әлі ЖТҚ және КПТҮ бойынша 4664 нысанда жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомстводан хабарлағандай, Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 213 компания тартылған. Қала 17 секторға бөлінген, онда 6 542 құрылысшы және 252 арнайы техника жұмыс істейді. Жұмыс күндіз де және түнде де жүргізілуде.

Тағы да 1840 құрылысшы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруде.

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы